22.09.2006, 10:59 2719

Павлодарда коммерциялық кәсіпорынның әйел директорын біреулер өлтіріп кетті

ПАВЛОДАР. 22-қыркүйек. Kazakhstan Today. Павлодарда коммерциялық кәсіпорынның 31 жастағы әйел директорын біреулер өлтіріп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қылмыс кеше 17 сағат шамасында жасалған. Белгісіз қылмыскер кәсіпкер әйелді өз үйінің кіреберісінде атып кеткен. Қылмыс орнынан шолақ мылтық табылды.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері әйелдің ішінен оқ тию салдарынан қаза тапқанын жеткізді.

Бұл дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Оперативтік қызметкерлер қаза тапқан әйелдің таныстарын анықтап, көршілері арасында сұрақ жүргізді.

Тәртіп сақшылары әйелдің өлімі оның коммерциялық қызметіне байланысты болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. ІІД-нің ақпаратына сәйкес, әйел металл сатумен шұғылданатын бір фирманың бас директоры болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны