12.07.2007, 11:12 2210

Павлодарда көп қабатты тұрғын үйдегі сынап ошағын жою жұмыстары аяқталды

АСТАНА. 12-шілде. Kazakhstan Today. Павлодарда көп қабатты тұрғын үйде сынап төгілу зардаптарын жою жұмыстары толық аяқталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"11-шілдедегі 18 сағаттағы жағдаймен төтенше жағдайдың зардаптары толық жойылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Осы орайда еске салсақ, ағымдағы жылдың 10-маусымында Павлодардың Суворов көшесіндегі он қабатты үйдің тұрғындарынан сынап төгілгені туралы хабар келіп түскен. Сынап жерден де, лоджиялардан да, 1-9 қабат аралығындағы әйнектер мен карниздердің сыртқы беттерінен де табылды. бастапқыда металл 10-қабататғы пәтердің лоджиясында болған. Оқыс оқиға болған алғашқы күндері сынап буының деңгейі гигиеналық нормативтен 4-700 ШМК-ға дейін артқан. Жалпы сынап төгілген жерден 1,5 килограмм сынап табылды.

Ластанған топырақ жинап алынып кһөмілді. Үйде тұратын 100-ден астам адам ауруханаларға тексеруге жіберілді, олардың жетеуі, соның ішінде екі бала ауруханада емделіп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны