09.01.2007, 10:37 2523

Павлодарда құны 1 млн теңге тұратын ойын автоматын ұрлағандар қолға түсті

ПАВЛОДАР. 9-қаңтар. Kazakhstan Тoday. Павлодарда құны 1 млн теңгелік ойын автоматын ұрлағандар қолға түсті. Бұл туралы Kazakhstan Тoday агенттігінің тілшісіне полицияның солтүстік бөлімінен хабарлады.

Полиция мәліметтері бойынша, 2006 жылдың маусымында жастары 24-26 шамасындағы бетперде киген жігіттер ойын автоматтары бар кафеге басып кіреді. Кафенің жетекшісін соққыға жығып, ойын автоматын алып қашады.

Кейіннен белгілі болғандай, осыдан кейін ұрланған автомат баукеспелердің бірінің үйінде жасырулы тұрады. Өйткені олар ұрлықпен тапқан пайдасын керегіне жарата алмапты.

Қазіргі кезде ұрының үшеуі де қолға түсіп, уақытша қамауда отыр. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 179 бабы бойынша /қарақшылық әрекет /қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны