03.09.2009, 18:20 3558

Павлодарда ломбардтан шамамен 7 млн теңге тонап кеткен қылмыскерлер іздестірілуде

Павлодарда ломбардтан шамамен 7 млн теңге тонап кеткен қылмыскерлер іздестірілуде

Павлодар. 3 қыркүйек. Kazakhstan Today - Павлодарда "Ломбард-Евролит" ЖШС-інен шамамен 7 млн теңге тонап кеткен қылмыскерлер іздестіруге бағытталған шұғыл шаралар жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облыстық ІІД-нің криминалдық полициясы басқармасының мүліктік қылмыстарды ашу жөніндегі бөлімінің бастығы Мәди Белғожанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Оқиға 11 қыркүйек күні болған. Ломбардқа қоюға қысқа толқынды пешті әкелген сылтаумен оған басып кірген қылмыскерлер онда отырған бағалаушы-сарапшы әйелді құлатып, көзін байлап қойып, сейфтен зергерлік бұйымдар мен кассадағы ақшаны тонап кеткен. Шығынның жалпы көлемі 6 млн 900 мың теңгені құрады",- деп хабарлайды департаменттегілер.

Қазір жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны