23.10.2006, 12:05 3518

Павлодарда өрт салдарынан 600 тонна пішен өртеніп кетті

ПАВЛОДАР. 23-қазан. Kazakhstan Today. Павлодарда өрт салдарынан қысқа дайындап қойған 600 тонна пішен өртеніп кетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінен хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ертістің сол жақ жағалауындағы өрт жұма күні түстен кейін шыққан. "Сол күні төрт сағаттың ішінде өрт ауыздықталды. Өрт 20 сағат 50 минутта толық сөндірілді",- деп хабарлайды департамент. Өрт жалпы 180 гектар аумақты шарпыды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны