16.09.2008, 10:02 1288

Павлодарда өрт салдарынан бес адам, соның ішінде бір бала көмірқышқыл газынан уланды

Павлодарда өрт салдарынан бес адам, соның ішінде бір бала көмірқышқыл газынан уланды

Астана. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда өрт салдарынан бес адам, соның ішінде бір бала көмірқышқыл газынан уланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Павлодарда Толстой көшесіндегі отбасылық үлгідегі жатақханада 16 қыркүйекте 03 сағат 29 минутта кезекшінің бөлмесіндегі жиһаз өртеніп, жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды.

Соның салдарынан бес адам, соның ішінде жаңа туған нәресте көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны