28.07.2006, 17:15 2689

Павлодарда пара алған қала әкімшілігінің қаржы бөлімінің бас маманы ұсталды

ПАВЛОДАР. 28 шілде. Kazakhstan Today. Павлодарда пара алды деген айыппен қала әкімшілігі қаржы бөлімінің бас маманы ұсталды. Бұл жөнінде агенттік тілшісіне экономикалық қылмыс және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі облыс департаменті баспасөз-қызметінен хабарлаған.

"Павлодар тұрғыны, қала әкімшілігі қаржы бөлімінің бас маманы үстінен, пәтердің жекешелендіру құжаттарын жеделдетіп жасап беремін, деп ақша талап еткендігі туралы қаржы полициясына шағым түсірген", - дейді баспасөз-қызметінің өкілдері. 35 жастағы шенеуік өзінің қызметі үшін 36 мың теңге сұраған.

Күдікті пара алып жатқан жерінде ұсталған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмысы үшін айыпталушы 700 ден 2000 айлық есеп көрсеткіші бойынша айыппұл төлейді немесе бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі кезде шенеуік уақытша тергеу изоляторына тоғытылды.

Қаржы полициясының ақпаратына қарағанда, айыпталушы қаржы бөлімінің бас маманы болып бірнеше ай қызмет еткен. Оған дейінгі қызметкер де пара алғаны үшін тұтқындалған, дейді баспасөз-қызметінің өкілдері. "Бұл сорақылық", - деп атап өтті экономикалық қылмыс және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі облыс департаментінің баспасөз-хатшысы Нәйлә Бекжанова. Оның айтуынша, ақша алу мақастында "құжаттарды рәсімдеу мерзімін қасақана созып, бюрократтық тосқауылдар қойып келген".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны