17.01.2007, 11:22 1815

Павлодарда патрульді полиция жасағына шабуыл жасалды

ПАВЛОДАР. 17 қаңтар. Kazakhstan Today. Павлодарда патрульді қызметтің тобына шабуыл жасалды, екі қарақшы ұсталды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, сейсенбі күні кешкісін патрульдік полиция қызметкері мен 5512 әскери бөлімшенің екі әскери қызметкеріне әйел кісі көмек сұрап келген. Ол вокзал маңайындағы алаңда бұзақылар жолдасын балағаттап жатқанын хабарлаған. Патруль қызметкерлері бұзақыларды ұстамақ болған, алайда олардың бірі қашып үлгеріп , екіншісі жақын маңдағы дүкенге жасырынған.

Полицейлер, бұзақының ізімен дүкенге кіргенде, оларға сегіз адам тарпа бас салған. Шабуылшылар патруль қызметкерлерінің погондарын жұлып, киімдерін жыртып тастаған, жауынгерлердің бірі жағынан соққы алыпты.

Көмекке келген полицейлер екі қарақшыны ұстаған, оның бірі 18, екіншісі 43 жаста.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 321 бабының 2 тармағына сәйкес (билік өкілдеріне қарсы күш қолдану) қылмыстық іс қозғалды.

ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 2006 жылы аталған қылмыстық іс бойынша ұсталған азамат үш жылға бас бостандығынан айрылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны