29.05.2008, 17:17 2888

Павлодарда педагогикалық институт ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар келіп түсті

Павлодарда педагогикалық институт ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар келіп түсті

Павлодар. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда педагогикалық институт ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жасырын ақпарат бүгін 13 сағат 30 минутта келіп түскен. Дабыл бойынша барлық шұғыл құтқару қызметтерінің мамандары оқиға орнына жіберілді.

"Жарылыс қаупіне байланысты құтқарушылар барлық студенттер мен ЖОО қызметкерлерін сыртқа шығарып, жол полициясының қызметкерлері сол аумақты қоршауға алды", -деп хабарлайды департаменттегілер.

Қазір саперлер мен жарылыс техникасы мамандары ғимаратты тексеріп жатыр. "Институтта әзірге ешбір қауіпті зат табылған жоқ", - деп хабарлайды депаратменттегілер. Мамандар бұл суыт хабар тағы бір жалған ақпаратқа жататын шығар деп отыр. Олар сонымен бірге студентетрдің бірі осындай жолмен сабақты тоқтатпақ болғанын жоққа шығармайды.

Мекемедегілердің хабарлауынша, бұл облыстағы шұғыл қызметтердің телефонына түскен биылғы жыл басынан бергі алғашқы жасырын хабар емес. Қуанышқа орай, олардың біреуінде де жарылғыш зат табылған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны