27.09.2010, 14:08 3117

Павлодарда Салық басқармасының ғимараты өртенді

Павлодарда Салық басқармасының ғимараты өртенді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 27 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Павлодарда Салық басқармасының ғимараты өртенді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, кеше сағат 12.29 Павлодар қаласындағы Салық басқармасының 5 қабатты ғимаратының шатыры өртенген. Өрт 3 шаршы метр аумақты шарпыған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт кеше 14.10 сөндірілген. Тілсіз жауды ауыздықтауға Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 9 маман мен 3 техника жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны