11.09.2006, 15:01 3514

Павлодарда сегіз пәтерлі үйде желдеткіш қорап опырылып қалды; қаза болғандар мен жапа шеккендер жоқ

ПАВЛОДАР. 11 қыркүйек . Kazakhstan Today. Павлодарда сегіз пәтерлі үйде желдеткіш қорап опырылып қалды; қаза болғандар мен жапа шеккендер жоқ .Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Павлодар қалалық құтқару қызметінен хабарлаған.

"051"құтқару қызметінің бастығы Андрей Касьяненконың мәліметі бойынша, желдеткіш қорап жексенбі күні 13 сағат 48 минутта "Алюминстрой" ықшам ауданы Чокин көшесінде орналасқан екі қабатты қалқаншадан тұрғызылған үйде опырылып түскен. "Желдеткіш қораптың кірпіштен жасалған қалауы шыдамаған", дейді ол.

Оқиға орнына келіп жеткен төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық басқарманың "051" жедел құтқару тобының қызметкерлері, өрт сөндірушілер барлық тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп, газ баллондарды сыртқа шығарған.

А. Касьяненко: "желдеткіш құлаған сәтте тұрғындардың көпшілігі ас даярлап жаткан, пәтерлердің біразында газ плиталар қосылып тұрған, бұл үлкен жарылысқа әкеп соғуы мүмкін еді",-дейді.

Оның айтуынша, тексеруден кейін, желдеткіштің тек бірінші қабаттың деңгейдегі төменгі жағы опырылғаны белгілі болған. Маман: "желдеткіштің басқа бөлігі, үйдің төбесінде салбырап қалып қойған, егер ол бөлігін ажыратып алмасақ бүкіл үйдің жабындысы қирайды", деген болжам жасаған.

Құтқарушылар 30 метрлік өрт сөндіру баспалдағын пайдалана отырып желдеткіштің басқа бөлігін ажыратып алған. Болған оқиғаның салдарынан екі пәтердің төбесі ойылып қалды.

Осында келіп жеткен Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Сайын Қаменов зақымданған пәтерлердің бәрі қалалық бюджеттің есебінен қайта қалпына келтіріледі, деп мәлімдеді.

Қайта қалпына келтіру шаралары аяқталғанша, тұрғындарға туған- туыстарының үйін паналай тұру ұсынылды, алайда тұрғындар тонаушылықтан сескеніп, апатты жағдайда тұрған баспаналарын тастап кетуден бас тартты.

Апат болған "Алюминистрой" ықшам ауданында , 167 екі қабатты қалқаншадан тұрғызылған үй бар. Олардың бәрі 50 жыл бұрын бой көтерген, қазірде апатты жағдайда тұр.

Қалалық құтқару қызметінің бастығы хабарлағандай, үйлердің көнеруіне байланысты мұнда үй төбелері мен қабырғалардың опырылып құлауы жиі кездеседі. Оның айтуынша, биылғы жылдың наурыз айында апат салдарынан осы үйлердің бірінде төрт адам қаза тапқан, олардың екеуі кәмелеттік жасқа толмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны