12.02.2007, 14:15 2649

Павлодарда сотталушының жақын туыстары полицейді ұрып, куәгерге күш көрсетіп қорқытпақ болған

ПАВЛОДАР. 12-ақпан. Kazakhstan Today. Павлодарда қалалық соттың ғимаратында сотталушының жақындары полицейді соққыға жығып, куәгерге күш көрсетіп қорқытпақ болған, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық ішкі істер департаментінен.

Ішкі істер департаментінің ақпараттарына сүйенсек, оқиға өткен бейсенбіде № 2 қалалық соттың ғимаратында болған. Департаменттен хабарлағанындай, ауған героинінің ірі партиясына сатуға қатысты іс бойынша өткен сот отырысынан кейін сотталушының жақын туыстарының бірі куәгерге берген жауаптарын өзгертуді талап етіп, күш көрсетпек болған. Сондай-ақ, олар полиция қызметкерін соққыға жыққан. Ол жеңіл жарақаттанды.

Сот ғимаратына "Арлан" арнаулы тобының отряды шақырылған. Арнаулы топтың сарбаздары тоғыз күдіктіні құрықтады. Мән-жайды талқылағаннан кейін олардың екеуіне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 257-бабы бойынша ("Бұзақылық") айып тағылған болатын.

Сенбіде облыс прокурорының санкциясы бойынша ұсталғандардың бұзақылық әрекеттері "өкімет өкіліне қол жұмсау" деп өзгертілді. Ұсталғандарға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 321-бабы бойныша қылмыстық іс қозғалды.

"Біз осы оқиғаға қатысты ызалымыз, ұсталғандарға қатаң жаза қолданылуына қол жеткізуге тырысамыз",- деді полициядан.

Жанжалға қатысы бар сот мәжілісінде Павлодар қаласының екі тұрғыны - Нухарбек Гушлакаев пен Александр Гуденкоға айып тағылауда. Олар Павлодар облысының ІІД есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармасының арнайы іс-шараларының нәтижесінде 2006 жылдың 5-қыркүйегінде құрықталған болатын. Полицияның болжамдарына сүйенсек, Нухарбек Гушлакаев пен Александр Гуденко Ресей Федерациясының Сібір федералдық округіне есірткі тасымалдайтын арнаны жолға қоймақ болған. Тінту барысында есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері сотталушылардан 1 кг 421 грамм ауғандық героин тәркілеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны