05.01.2007, 13:58 3471

Павлодарда танымал кәсіпкер өлтірілді

ПАВЛОДАР. 5-қаңтар. Kazakhstan Today. Павлодарда танымал кәсіпкер тапсырыспен өлтірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бейсенбі күні таңертең өз үйінің подъездінің алдында "Vit-oil" ЖШС бас директоры Даниял Бекібаевты қақ желкеден атып өлтірген. Ол жетекшілік еткен компания Павлодар облысының барлық аймақтарында дерлік жанармай сатумен айналысады.

Облыстың ІІД бастығы Мұрат Тұмарбековтың сөзіне сүйенсек, құқық қорғау органдары Д. Бекібаев өлімінің себебі оның қызмет бабымен байланысты екендігін жоққа шығармайды. "Біз оның өлімін қызмет бабымен байланыстырып отырмыз. Және де бұл тапсырыспен жасалған қылмыс болуы мүмкін", - деді М. Тұмарбеков.

Оның айтуынша, кәсіпкерді ТТ жүйелі тапаншамен атқан. "Қазіргі уақытта оқ және гильзалар Астанаға сараптамаға жіберілді. Қаладағы барлық жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде, және де іске ҰҚКД, қаржы полициясы мен ІІД-нің жансыздары да жұмылдырылды",- деді М. Тұмарбеков.

Ол сонымен қатар, жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер 1978, 1979 және 1982 жылғы үш азаматты ұстағандығын хабардар етті. "Олардан гранатомет пен шолық мылтық тәркіленді, бірақ тергеу олардың адам өліміне қатысы жоқ деп санайды", - деді облыстың ІІД басшысы.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК 96 бабына сәйкес ("Қасақана кісі өлтіру") қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны