07.09.2006, 18:32 3123

Павлодарда төрт адамды құлдықта ұстаған шаруа қожалығының бұрынғы басқарушысы сотталды

ПАВЛОДАР. 7-қыркүйек. Kazakhstan Today. Павлодарда төрт адамды құлдықта ұстаған "Шығыс" атты шаруа қожалығының бұрынғы басқарушысын Лебяжы аудандық соты 5 жылға соттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Сотта атап көрсетілгеніндей, ағымдағы жылдың ақпан айында Павлодар қаласының 46 жастағы тұрғыны полицияға шағымданып, өзімен бірге бірнеше адамның облыстағы бір шаруа қожалығында 6 ай бойы басыбайлы құл болғанын, оларды зорлықпен жұмыс істетіп, ұрып-соққанын хабарлаған. Шұғыл тергеу тобы арықтап өлудің аз-ақ алдындағы үш ер адамды тапты. Оларды 2005-жылдың жазынан бері құл ретінде пайдаланған. Айыпқа бұйырылғандарды аяусыз соққыға жығып отырған. Бұған қоса аштықтан өлген екі адамның мәйіті табылды. Бұл дерек бойынша шаруа қожалығының басқарушысының үстінен ҚР Қылмыстық іс жүргізу жөніндегі кодексінің қанаушылық мақсатымен адамды заңсыз бас бостандығынан айыру жөніндегі 126-бабы, 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны