10.05.2011, 09:46 3003

Павлодарда тұрғын үйде болған өрттен бір адам мерт болды

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Павлодардағы жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан. Тілсіз жау 40 шаршы метр жерді шарпыған. Сағат 13.46 жалын ауыздықталып, сағат 15.09 сөндірілген. Оқиға орнынан 1964 жылы дүниеге келген бір адамның денесі табылды.

Астана. 10 - мамыр. Kazakhstan Today - Павлодарда тұрғын үйде болған өрттен бір адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Павлодардағы жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан. Тілсіз жау 40 шаршы метр жерді шарпыған. Сағат 13.46 жалын ауыздықталып, сағат 15.09 сөндірілген. Оқиға орнынан 1964 жылы дүниеге келген бір адамның денесі табылды.

"Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Павлодар облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 10 адам жеке құрамы мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды", - деп хабарлады ТЖМ.

Сонымен қатар, дәл осы күні тағы бір ірі өрт Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласындағы ешкім тұрмайтын ғимаратта болған. ҚР ТЖМ хабарлауынша, өрт 100 шаршы метрді алды. Оқиға орнынан 52 және 46 жастағы екі адамның мәйіті табылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны