10.01.2011, 16:03 4898

Павлодарда түрмеден қашпақ болған сотталушы ұсталды

Павлодарда қатаң режимдегі АП-162/4 колониядан қашуға тырысқан қамаудағы тұтқынға тосқауыл қойылды. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Павлодар облыстық департаменті қылмыстық-атқару жүйесінің тәрбиелеу бөлімінің бастығы Борис Гаврилюк хабарлаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Павлодар. 10 - қаңтар. Kazakhstan Today - Павлодарда қатаң режимдегі АП-162/4 колониядан қашуға тырысқан қамаудағы тұтқынға тосқауыл қойылды. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Павлодар облыстық департаменті қылмыстық-атқару жүйесінің тәрбиелеу бөлімінің бастығы Борис Гаврилюк хабарлаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

ҚазТАГ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, "8-ші қаңтарда қатаң тәртіптегі АП 162/4 колониясынан сотталған азаматтың қашу әрекетіне кезекші бөлімшелері мен ішкі әскерлер қарауылдары тойтарыс берді", - деп хабарлаған департаменттегілер.

Департаменттің мәліметтеріне сүйенсек, қашуға әрекеттенген азамат оқшау учаскеден өтіп, із кесу-жолағы арқылы негізгі қоршауға жақындаған. Оны қадағалаушылар мен №6-шы күзет қосынының жауынгері байқап қалған.

Күзетші ескерту ретінде оқ атқан соң, сотталғанды ұстап, айып оқшаулағышына жатқызды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны