13.02.2007, 19:07 2847

Павлодарда ұялы байланыс абоненттерінің мәліметтер базасын бұзды деген күдікпен "Қазпошта" АҚ бұрынғы қызметкері ұсталды

ПАВЛОДАР. 13-ақпан. Kazakhstan Today. Павлодарда қызмет бабын пайдаланып, ұялы байланыс операторларының төламақы қабылдау мәліметтер базасын бұзды деген күдікпен, "Қазпошта" АҚ бұрынғы қызметкері ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Павлодар облысының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінен хабарлады.

Павлодар облысының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің ақпараттарына сүйенсек, ұсталған азамат IР -адресінен "Билайн" ұялы желісінің 86 абонентінің балансын толтыруға ақша жіберіп отырған. "Екі нөмірдің иесі Қазпошта" АҚ бұрынғы қызметкері болып табылады",- деп хабарлады Павлодар облысының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тергеу жөніндегі басқармасының жедел бөлімінің инспекторы Қуандық Қуатов. Қалған 84 нөмірдің кімге тиесілі екендігі тергеу барысында анықталады. "Қазпошта" АҚ бөлімшесіне келген шығын шамамен 485 мың теңгеден астам",- деп атап өтті

Қ.Қуатов.

Ұсталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 227-бабының 2-тармағы бойынша (Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру) айып тағылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны