21.01.2009, 09:25 1538

Павлодарда жатақхана аумағында болған өрттен төрт адам зардап шекті

Павлодарда жатақхана аумағында болған өрттен төрт адам зардап шекті

Павлодар. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда жатақхана аумағында болған өрттен төрт адам, соның ішінде екі бала зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Облыстық мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі басқармасынан хабарлауынша, оперативтік кезекшінің пультіне өрт туралы хабар 20 қаңтарда сағат 20.41-де келген.

"Өртті сөндіру үшін оқиға орнына өрт сөндіруші бес топ пен екі автосаты жіберілді. Бұл адамдар тұратын ғимарат болғандықтан, бірінші шақыру нөмірі берілді. Өрт ошағы ғимараттың бірінші қабатында болған. Өрт сөндіру қызметінің мамандары қырыққа жақын тұрғынды сыртқа шығарды. Өрт салдарынан төрт адам, соның ішінде 3 және 5 жасар екі бала зардап шекті. Олардың бәрі де ауруханаға жатқызылды. Өрт аумағы алдын-ала есеп бойынша 16 шаршы метр аумақты құрады. Өрттың шығу себебі анықталу үстінде",- деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны