13.10.2011, 10:12 3526

Павлодарда жеңіл көлік пен жанармай тасымалдайтын көлік соқтығысып қалды

Павлодар қаласында "Мерседес" пен бензин тасымалдаушы "Газ" автокөлігі бетпе-бет соқтығысып қалған.

Астана. 13-қазан. Kazakhstan Today - Павлодарда жеңіл көлік пен жанармай тасымалдайтын көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Павлодар қаласында "Мерседес" пен бензин тасымалдаушы "Газ" автокөлігі бетпе-бет соқтығысып қалған.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, оқиға 12 қазан күні түс ауа Елагин мен Димитров көшелерінің қиылысында орын алды. Екі көліктің түйісуі салдарынан бензин таситын "Газ" автокөлігі аударылып, АИ-80 маркалы 2 тонна бензин далаға төгілді. "Мерседес" көлігінде болған 44 жастағы жолаушы әйел жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны