06.09.2007, 14:27 2913

Павлодарда жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шекті

Павлодар облысында ірі жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі оқиға болған жерден.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. ПАВЛОДАР. Павлодар облысында ірі жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі оқиға болған жерден.

Бейсенбіде 8 сағат шамасында Павлодар - Қызылорда тасжолының 23-ші шақырымында болған апатқа куә болған агенттік тілшісінің айтуынша, "Мерседес" көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, "КамАЗ" көлігінің артына келіп соғылған.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан "Мерседес" көлігінің 26 жастағы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы зардап шекті. Оқиға болған жерге келген дәрігерлер олардың ахуалын өте нашар деп бағалады. Жүргізуші мен 49-жастағы әйел ауыр жағдайда Ақсу орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөлімшесіне жеткізілді. Үшінші зардап шегуші Павлодардың ауруханасына жіберілді.

Қазіргі уақытта оқиға болған жерде Павлодар облысының жол полициясы департаментінің тергеу тобы жұмыс істеуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны