04.04.2012, 13:08 3466

Павлодардағы 9 қабатты үйлердің бірінде лифт өртенді

Оқиға сейсенбі, 3 сәуір күні Павлодардағы Ломов көшесінде орналасқан 9 қабатты үйде болған. Өрт аумағы 5 шаршы метрге жайылған. 10 адам кіреберістен өздері шықты. Өрт кезінде 8-ші қабаттағы пәтерден 12 жасар ұл бала құтқарылды. Иіс тиген ол ауруханаға жеткізілген.

Астана. 4-сәуір. Kazakhstan Today - Павлодардағы 9 қабатты үйлердің бірінде лифт өртенді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт салдарынан 12 жасар бала ауруханаға жеткізілген.

Оқиға сейсенбі, 3 сәуір күні Павлодардағы Ломов көшесінде орналасқан 9 қабатты үйде болған. Өрт аумағы 5 шаршы метрге жайылған. 10 адам кіреберістен өздері шықты. Өрт кезінде 8-ші қабаттағы пәтерден 12 жасар ұл бала құтқарылды. Иіс тиген ол ауруханаға жеткізілген.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 7 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны