27.09.2006, 10:32 2822

Павлодардағы "Ертіс орманы" табиғи резерватындағы өрт 4,7 мың гектар аумақта шоғырландырылды

ПАВЛОДАР. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today. Павлодардағы "Ертіс орманы" табиғи резерватындағы өрт 4,7 мың гектар аумақта шоғырландырылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне өрт сөндіру жөніндегі шұғыл штабтан хабарлады.

"Өрт 4,7 мың гектар жерде шоғырландырылды, оның 3600 гектары орманды алқаптар", деп хабарлайды министрлік.

Өртті ауыздықтауға 90 адам мен 17 техника тартылған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өрт жексенбі күні "Ертіс орманы" табиғи резерватының Сейтен орман шаруашылығында, Павлодар облысы Шарбақты ауданында, Ресейдің Алтай аймағымен шекаралас өңірде шыққан. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, қарағайлы орманға өрт облыстың Лебяжы ауданы Қазы ауылы жақтан даладан келген. Табиғи зілзала салдарынан Есілбай ауылында үш жай үй мен 15 қора-қопсы жанып кетті. Қарттар мен балалардан құралған 120 адам басқа жаққа көшірілді.

"Ертіс орманы" табиғи резерватының аумағында төтенше жағдай жарияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны