04.05.2011, 13:45 2992

Павлодардағы лицейге бомба қойылғандығы туралы хабардан кейін 180 адам қауіпсіз жерге көшірілді

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, жарылғыш зат қойылды деген хабарға байланысты Павлодар қаласындағы №9 кәсіби лицейдің 200-ге жуық оқушысы мен қызметкері оқу ғимаратын босатуға мәжбүр болған.

Астана. 4 - мамыр. Kazakhstan Today - Павлодардағы лицейге бомба қойылғандығы туралы хабардан кейін 180 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, жарылғыш зат қойылды деген хабарға байланысты Павлодар қаласындағы №9 кәсіби лицейдің 200-ге жуық оқушысы мен қызметкері оқу ғимаратын босатуға мәжбүр болған.

ҚР ТЖМ-ның таратқан ақпаратына сүйенсек, сейсенбі күні түске жақын ІІД-нің кезекші бөліміне лицейдің ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар келіп түскен.

"180 адам, соның ішінде 140 оқушы қауіпсіз аумаққа шығарылды. Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында білім мекемесінен жарылғыш зат табылмады", - хабарланды ТЖМ-нан.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны