21.10.2010, 17:32 3104

Павлодардағы орта мектептердің бірінде өрт шығып, 130 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Павлодардағы орта мектептердің бірінде өрт шығып, 130 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 21 - қазан. Kazakhstan Today - Павлодардағы орта мектептердің бірінде өрт шығып, 130 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мекеменің хабарлауынша, 2010 жылдың 20 қазанында сағат 18.04 Павлодар қаласындағы № 12 орта мектепте өрт шыққан. Өрт сөндіру барысында 130 адам, соның ішінде 120 бала қауіпсіз жерге шығарылған. Тілсіз жау 2 шаршы метер аумақты шарпыған.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 18.36 ауыздықталды.

Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Павлодар облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 6 қызметкері мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны