05.10.2007, 18:36 3146

Павлодардың соты спорт басқармасының қызметкерін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп таныды

Павлодардың соты спорт басқармасының қызметкерін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп таныды

Павлодар. 5-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодардың № 2 қалалық соты спорт және дене шынықтыру басқармасының бас маманын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Бұл туралы бүгін облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Светлана Фромм мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Павлодардың № 2 қалалық соты спорт және дене шынықтыру басқармасының бас маманын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 314-бабының 2-тармағы мен 307-бабының 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оны төрт айғы жалақысының көлемінде - 183 760 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Сонымен қатар, сот шешіміне сәйкес, оның екі жыл бойы мемлекеттік органдардағы кез келген лауазымда қызмет атқыруына тыйым салынған. Прокуратураның мәліметтеріне сүйенсек, сот үкім шығару барысында сотталушының қазақстан спортына сіңірген еңбегі мен оның жасын ескерген.

Естеріңізге сала кетейік, күдікті облыс әкімінің әлеуеметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Рысты Жұмабекованың тапсырмасымен 20 перспективті спортшыға ай сайын ақшалай жәрдемақы төлеу және мемлекеттік білім грантын алуға тізім жасаумен айналысқан кезінде сы тізімге жергілікті жоғарғы оқу орнының бір студентін заңсыз қосқан болатын.

Ал, жәрдемақы алған қызды қандай жаза күтіп тұрғандығы әзірге хабарланбай отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны