10.01.2008, 18:49 3024

Павлодардың жергілікті "Қазпошта" бөлімшесінде хакер ірі мөлшерде ақшаны иемденбекші болды

Павлодардың жергілікті "Қазпошта" бөлімшесінде хакер ірі мөлшерде ақшаны иемденбекші болды

Павлодар. 10 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда зиянды бағдарламаның көмегімен "Қазпошта" бөлімшесінде ірі мөлшерде ақшаны алмақшы болған хакер қолға түсірілді, деп хабарлады агенттік тілшісіне экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі (ЭСЖККД қаржы полициясы).

Жас адам пошта бөлімшелерінің біріне келіп, ақша алмақшы болған кезде ұсталды. Анықталғанындай, ол "Қазпоштаның" бұрынғы қызметкері. "Жұмыстан кетер алдында ол компьютерлік жүйеге зиянды бағдарламаны енгізіп кеткен", - деп хабарлады экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаментінің баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы Найля Бекжанова.

"Ол өзінің жеке бағдарламасын жасап, оның жұмыс тәсілі бойынша белгілі бір шотқа 999 теңге мөлшерінде ақша аударылған жағдайда, компьютер жаңылып ол ақша автоматты түрде 344 мың теңгені көрсетеді екен", -деп түсіндірді қаржы полициясының қызметкерлері.

Олардың сөздеріне қарағанда, "бағдарлама оңай жолмен жасалған жоқ. Оған арнайы бірнеше белгі енгізілген екен". Соған қарамастан, сарапшылар хакердің жұмбағын шешті. Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаментінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, зиянды бағдарлама қаладағы ақша аударымдарын жасайтын жеті пошта бөлімшесінің компьютерлік жүйесіне бірден енгізілген.

Ақшаны алу үшін 25 жастағы павлодарлық басқа адамның төлқұжатын пайдаланып мекен-жайсыз есеп шот ашқан. Кейін анықталғанындай, төлқұжаттың иесі одан хабарсыз болып шыққан. "Хакер осы шотқа екі рет 999 теңгені аударып, 688 мың теңгені алып үлгерген, алайда уақтылы қолға түсірілді ", - деп атап өтті қаржы полициясының қызметкерлері.

"Мұндай мамандар бізде бірен-саран ғана. Сондықтан оның жоғары технологияларды игеріп, қоғамға пайда келтірудің орнына, осындай қылмыстық жолға түскені өкінішті", - деп атап өтті баспасөз хатшысы Н. Бекжанова.

Жас жігітке қатысты ҚР ҚК 227 бабының 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды (компьютерлік ақпаратқа заңсыз жолмен кіру, ЭВМ бағдарламасына зиянды бағдарламаларды енгізу, жасау, пайдалану). "Егер сот оның айыпты екенін тапса, онда ол екі жалға бас бостандығынан айрылады немесе ірі көлемде айыппұл төлейтін болады", - деп хабарлады қаржы полициясындағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны