09.04.2012, 14:48 3461

Перудегі шахталардың бірінде апат орын алып, кеншілерді құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр

Перу шахталарының бірінде болған апаттан кейін қамалып қалған 9 кеншіні құтқару операциялары жалғасуда.

Астана. 9-сәуір. Kazakhstan Today - Перудегі шахталардың бірінде апат орын алып, қамалып қалған 9 кеншіні құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Құтқару жұмыстарына шахтадағы жаңа опырылыстар кедергі келтіріп отыр. Перудің премьер-министрі Оскар Вальдес шахтерларға жету үшін 2-3 күн керек болуы мүмкін дейді. Шахтадағы апат шахтерлардың өздері іске асырған жарылыстың салдарынан болған көрінеді.

Айта кетер жайт-бұлар осыдан бұрын жабылып қалған кен орнында заңсыз жұмыс істеп келгендер екен. Сондықтан басқа кеншілер апат туралы дер кезінде дабыл қаға қоймаған және үйінділерді өз бетімен аршып көрмек болған. Ал жер астында қамалып қалғандар сонда 3 күн бойы отыр және олардың ауызсуы таусылған. Сонымен бірге жабық орында қамалған адамдардың жүйкелері сыр бере бастаған. Изірге құтқарушылар тереңге арнайы шланг жіберіп, ол арқылы кеншілерге оттегі мен су беруді бастады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны