06.04.2011, 14:10 4847

Петропавлда 13 жастағы жасөспірім өзін қорқытқандарға бір жыл бойы ақша беріп келген

Петропавлда 13 жастағы жасөспірім өзін қорқытқандарға бір жыл бойы ақша беріп келген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Петропавл. 6 - сәуір. Kazakhstan Today - Петропавлда 13 жастағы жасөспірім өзін қорқытқандарға бір жыл бойы ақша беріп келген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Петропавлда мектеп оқушыларынан ақша мен алтын бұйымдар талап еткен жасөспірімдер қолға түскен. Бұл туралы Солтүстік-Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлаған.

Мекеменің ақпараттарына сүйенсек, полицияға Петропавлдағы мектептердің бірінде оқитын 13-жастағы оқушы баланың ата-анасы шағым түсірген.

"Оқушы бала 11 айдан бері өзінен жоғары сыныпта оқитын оқушы мен оның 19-жастағы танысына ақша беріп келіп, соңынан алтын бұйымдар берген. Бір жыл ішінде оқушы бала өзінен ақша талап еткендерге 70 мың теңгенің көлемінде ақша берген. Ендігі кезек алтын бұйымдарға келгенде, ата-анасының айтуынша, қымбат бұйымдары жоғала бастаған", - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары кезінде осы мектептің тоғызыншы сыныпта оқитын оқушысы мен оның бұрын жауапқа тартылған танысын қолға түсірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны