29.05.2012, 10:14 3114

Петропавлда 5 қабатты үйдің өртеніп, бір адам мерт болды

Өрт сағат 23.40-та сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Астана. 29-мамыр. Kazakhstan Today - Петропавлда 5 қабатты үйдің өртеніп, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 мамыр сағат 23.14-те Петропавл қаласында Ульянов көшесі бойында орналасқан 5 қабатты көппәтерлі үйдің 2 қабатындағы пәтер өртенген.

Өрт сағат 23.40-та сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Жалын шарпыған аумақ 2 шаршы метрді құрады. Өрт болған жерде 88 жастағы ер адамның мәйіті табылды. 14 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны