15.06.2010, 12:38 2916

Петропавлда ААҚ бірінің қоймасында 1,5 мың шаршы метрді шарпыған өрт шықты

ҚР ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, кеше 18.49 Универсальная көшесінде орналасқан "Диханшы" ААҚ бір қабатты қойма ғимаратында өрт шықан.

Астана. 15-маусым. Kazakhstan Today - Петропавлда ААҚ бірінің қоймасында 1,5 мың шаршы метрді шарпыған өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚР ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, кеше 18.49 Универсальная көшесінде орналасқан "Диханшы" ААҚ бір қабатты қойма ғимаратында өрт шықан. Алдын ала берілген мәліметтерге сүйенсек, тілсіз жау 1600 шаршы метрді құрайтын ғимараттың шатырын шарпыған. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Тілсіз жауды құрықтау тек бүгін 03.00 ғана мүмкін болды. Өрт сөндіруге ҚР ТЖМ СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 79 қызметкері мен 11 техника жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны