13.10.2011, 11:31 3377

Петропавлда көпқабатты үйде шыққан өрт салдарынан үш адам, соның ішінде бір бала мерт болды

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған өрт салдарынан үш адам, соның ішінде 3 жасар бала көз жұмған. Оқиға орнынан 26 адам, соның ішінде 6 бала қауіпсіз жерге көшірілді.

Астана. 13-қазан. Kazakhstan Today - Петропавлда көпқабатты үйде шыққан өрт салдарынан үш адам, соның ішінде бір бала мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған өрт салдарынан үш адам, соның ішінде 3 жасар бала көз жұмған. Оқиға орнынан 26 адам, соның ішінде 6 бала қауіпсіз жерге көшірілді.

Өрт 12 қазан күні, сағат 22.59-да Чайковский көшесіндегі бес қабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтерден шыққан. Екі шаршы метр аумаққа тараған тілсіз жаудың ошағы 22 минутта жойылып, 19 минуттан кейін толығымен ауыздықталды.

Құтқарушылар өрт орнынан 37 жастағы ер адамның, 57 жастағы әйел мен 3 жасар ер баланың мәйіттерін тапты. Өрт сөндіруге ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны