24.05.2012, 00:49 2969

Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінде газ жарылып, бір адам зардап шекті Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінде газ жарылып, бір адам зардап шекті

Кеше сағат 8.39-да Ш.Уәлиханов көшесінде орналасқан 5 қабатты үйдің 2-ші қабатында газ әуе қоспасы жарылғаны туралы хабарлама түскен.

Астана. 24-мамыр. Kazakhstan Today - Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінде газ жарылып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 8.39-да Ш.Уәлиханов көшесінде орналасқан 5 қабатты үйдің 2-ші қабатында газ әуе қоспасы жарылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына СҚО ТЖД "Өрт сөндіру және апаттн құтқару қызметі" ММ № 2 мамандандырылған өрт бөлімі бөлімшесі, жедел медициналық қызмет көрсету бригадасы, қоғамдық тәртіп күзеті қызметтері, газ шаруашылығы қызметінің апатты машиналары келіп жеткен.

"Жарылыс орнынан денесі мен қолдарын күйік шалған, пәтерде тұратын 1963 жылы туған ер азамат 3 қалалық ауруханаға жеткізілді. Жарылыс толқынының әсерінен пәтер мен подъездегі 2-ші және 5-ші қабат аралығындағы терезелердің шынылары ұшып кеткен, үй мүлкіне зақым келтірілген. Сонымен қатар, кіреберіс маңында тұрған бірнеше жеңіл авкөлікке де зақым келген. Қазіргі уақытта жарылыс себептері мен келтірілген шығын мөлшері анықталуда", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны