09.01.2012, 10:05 3440

Петропавлдағы сауда үйлерінің бірінде өрт шықты

7-қаңтар күні Петропавл қаласында 4 қабатты "Биғайша" сауда үйінің жертөлесінде өрт шыққан. Жалын 57 шаршы метр аумақты шарпыған.

Астана. 9-қаңтар. Kazakhstan Today - Петропавлдағы сауда үйлерінің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7-қаңтар күні Петропавл қаласында 4 қабатты "Биғайша" сауда үйінің жертөлесінде өрт шыққан. Жалын 57 шаршы метр аумақты шарпыған.

"Өртті сөндіру кезінде 100 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - деп атап көрсетілген таратылған хабарламада.

Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 31 маманы мен 6 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны