07.10.2011, 10:39 3178

Петропавлдағы жатаханалардың бірінде болған өрт салдарынан 90 адам қауіпсіз жерге көшірілді

6-қазан күні Петропавлдағы 5 қабатты жатақханадағы бөлмелердің бірінен өрт шыққан. 90 адам, соның ішінде 23 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт болған жерден 59 жастағы ер адамның денесі табылды.

Астана. 7-қазан. Kazakhstan Today - Петропавлдағы жатаханалардың бірінде болған өрт салдарынан 90 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавлдағы жатақханалардың бірінде болған өрттен бір ер адам қаза тауып, 90 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

6-қазан күні Петропавлдағы 5 қабатты жатақханадағы бөлмелердің бірінен өрт шыққан. 90 адам, соның ішінде 23 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт болған жерден 59 жастағы ер адамның денесі табылды.

Жалын 2 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 11 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны