09.09.2011, 10:00 3118

Петропавлдағы жеке үйлердің бірінде өрт болып, екі әйел кісі қайтыс болды

Жұма күніне қараған түні Петропавлдағы Лазутин көшесіндегі жеке үйде өрт болып, 40 шаршы мерт жер өртенген, өртті сөндіру кезінде екі әйелдің денелері табылған.

Астана. 9-қыркүйек. Kazakhstan Today - Петропавлдағы жеке үйлердің бірінде өрт болып, екі әйел кісі қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік-Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы жеке үйлердің бірінде өрт болып, екі әйел кісі қайтыс болды, деп хабарлайды жұма күні Қазақстанның ТЖМ баспасөз қызметі.

"Жұма күніне қараған түні Петропавлдағы Лазутин көшесіндегі жеке үйде өрт болып, 40 шаршы мерт жер өртенген, өртті сөндіру кезінде екі әйелдің денелері табылған", - делінген ТЖМ жұма күнгі хабарламасында.

Сонымен қатар, өрт болған жерде 60-жастағы ер кісі көмір қышқыл газдан уланып ауруханаға жатқызылған. Өртті сөндіру тек жарты сағаттан кейін ғана мүмкін болып, тілсіз жауды ауыздықтауға Солтүстік-Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамдағы 12 адамы мен үш техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны