21.04.2011, 12:54 3454

Петропавлдағы жер үйлердің берінде болған өрттен үш адам қаза тапты

Петропавлдағы жер үйлердің берінде болған өрттен үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Петропавл. 21 - сәуір. Kazakhstan Today - Петропавлдағы жер үйлердің берінде болған өрттен үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 20 сәуір күні кешкісін Петропавл қаласында жеке тұрғын үй өрт құшағына оранған. ТЖМ ақпараты бойынша, өрт үйдің ішінен шыққан.

"Қызыл жалын шарпыған аумақ 65 шаршы метрді құрайды. Өрт орнынан 1959 және 1977 жылы дүниеге келген 2 әйелдің және 1959 жылғы азаматтың денесі табылды", - делінген хабарламада. Тілсіз жау 3 сағаттан кейін ауыздықталған.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 14 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны