23.02.2010, 12:15 4483

Петропавловск қаласында балалар үйіндегі 5 жастағы бүлдіршінді ересек бала буындырып өлтірген - телеарна

Петропавловск қаласында балалар үйіндегі 5 жастағы бүлдіршінді ересек бала буындырып өлтірген - телеарна

Алматы. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Петропавловск қаласында балалар үйіндегі 5 жастағы бүлдіршінді ересек бала буындырып өлтірген, деп хабарлайды Kazakhstan Today КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телесюжетке сәйкес, "Петропавловск қаласында жантүршігерлік оқиға шықты. Балалар үйіндегі 5 жастағы бүлдіршінді ересек бала буындырып өлтірген. Изірге 12 жастағы күдікті сол мекемеде қалдырылып отыр. Ол тәрбиешілердің қатаң бақылауында. Ал көз жұмған бала туған жері Қарағандыға жерленді. Қайғылы оқиға бірнеше күн бұрын болса да, жергілікті білім беру басқармасындағылар бұл жөнінде әлі күнге дейін тіс жармай отыр", делінген сюжетте.

Телеарнаның хабарлауынша, "бес жастағы бүлдіршіннің төсегінде өліп жатқанын тәрбиешілер көрген. Қайғылы оқиға түнде болған. Ересек бала оны жатқан жерінде тұншықтыра салған. Аталған мекемеде тұрмысы нашар отбасынан шыққан балалар тәрбиеленеді. Шенеуніктер тарапынан көз жұмған бүлдіршінді де, күдіктіні де жетімдер үйінде қалдыру-қалдырмау мәселесі қаралып жатқан еді. Бізге белгілі болғандай, сол аралықта екеуінің арасында ерегіс туып үлгеріпті. Осыны тәрбиешілер байқамай қалған сыңайлы. Енді күдіктінің ақыл-есінің дұрыстығы тексерілмек".

"СҚО ІІД инспекторы Спартак Қабденовтың айтуынша, материалдар сараптамаға жіберіліп отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 96- бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды",- деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны