12.01.2010, 15:54 2777

Петропавловск қаласында дәрігерлер 5 қабаттағы терезеден құлаған бес жасар қызды құтқарды

Петропавловск қаласында дәрігерлер 5 қабаттағы терезеден құлаған бес жасар қызды құтқарды

Петропавловск. 12 қаңтар. Kazakhstan Today - Петропавловск қаласында облыстық аурухананың дәрігерлері 5 қабаттағы терезеден қардың үйіндісіне құлаған бес жасар қызды құтқарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Дәуренбек Бейсенбаевқа сілтеме жасап.

Д. Бейсенбаевтың ақпаратына сәйкес, қыз 9 қаңтарда ауруханаға түскен. Баланы емдеу мекемесіне көптеген жарақаттармен, бауыры бөлінген, ұршығы сынған, бүйрегіне ақау келген, бас миы шайқалған жағдайда жеткізген. Қызға тез арада операция жасалды.

"Қазір бала жарақаттарды емдеу бөлімшесінде жатыр, жағдайы - орташа дәрежеде ауыр. Оның өміріне еш қатер төніп тұрған жоқ", - деді дәрігер.

Ауруханадағылардың айтуынша, бала терезенің тұтқасын абайсызда басып қалып, құлаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны