19.01.2010, 14:14 3002

Петропавловск қаласында он қабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде 60 адам басқа жаққа көшірілді

Петропавловск қаласында он қабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде 60 адам басқа жаққа көшірілді

Петропавловск. 19 қаңтар. Kazakhstan Today - Петропавловск қаласында он қабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде 60 адам басқа жаққа көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт 18 қаңтарда сағат 19.30-да он қабатты тұрғын үйде Пәтер иелері кооперативінің ұста отыратын жайда бірінші қабатында шыққан. Өрт жиһаз, терезе мен есікті шарпыды.

"Өртті сөндіруге №2, 3 арнаулы өрт сөндіру бөлімшелері мен №1 өрт сөндіру бөлімі тартылды. Үйдің осы кіреберісінен 60 адам басқа жаққа көшірілді. Өрт 20 минуттың ішінде сөндірілді. Үш бала көмірқышқыл газынан улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны