07.07.2009, 14:31 2545

Петропавловск қаласында отшашудың өзіндігінен атылуы салдарынан төрт адам зардап шегіп, үйлердің терезелерінің әйнектері сынды

Петропавловск қаласында отшашудың өзіндігінен атылуы салдарынан төрт адам зардап шегіп, үйлердің терезелерінің әйнектері сынды

Петропавловск. 7 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловск қаласында Астана күні мен Петропавловск қаласы күніне орай Сүтішев пен Горький көшелерінің қиылысындағы мерекелік отшашу кезінде бір пиротехникалық заттың өзіндігінен атылуы салдарынан төрт адам зардап шегіп, үйлердің терезелерінің әйнектері сынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Петропавловск қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Отшашушың өзіндігінен атылуы салдарынан бірнеше әкімшілік ғимарат пен тұрғын үйлерде жарылыс толқыны терезе әйнектерін сындырды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі. ТЖД мәліметінше, Петропавловск қалалық ІІБ кезекші бөліміне терезе әйнектері сынып, материалдық шығынға ұшыраған 15 адамнан шағым түскен.

Апаттық медицина орталығының хабарлауынша, отшашу ұйымдастырылған алаңнан қалалық үшінші аурухананың стационарлық бөлімшесіне зардап шеккен төрт адам жеңіл-желпі жарақаттармен жеткізілген. Оларға емдеу мекемелерінде дәрігерлік көмек көрсетілді.

"Бұл оқиғадан кейін ауруханаға ешкім жатқызылған жоқ", -деп хабарлады қалалық аурухананың бас дәрігері Анатолий Ко.

Қазір оқиғаның себептері анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны