11.01.2010, 17:01 4195

Петропавловск қаласында төрт адамды өлтіргені үшін Көкшетау тұрғыны өмір бойы бас бостандығынан айыруға кесілді

Петропавловск қаласында төрт адамды өлтіргені үшін Көкшетау тұрғыны өмір бойы бас бостандығынан айыруға кесілді

Петропавловск. 11 қаңтар. Kazakhstan Today - Петропавловск қаласында бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотының шешімімен төрт адамды өлтіргені үшін Көкшетау тұрғыны өмір бойы бас бостандығынан айыруға кесілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Еске сала кетейік, 2009 жылғы наурызда Уәлиханов ауданында аса қатал қылмыс жасалды. 45 жастағы Көкшетау тұрғыны әйелімен бірге оның туыстарына Өндіріс кентіне қонаққа келген.

Полицияның хабарлауынша, ер адам мас күйінде жұбайымен жанжалдасып қалып, әйелін, оның екі туысы мен ашулы еркекті сабасына түсіруге тырысқан көршісін пышақтап алған.

Күдікті қылмыс орнында ұсталды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 96-шы бабының 2-тармағы (кісі өлтіру) бойынша айып тағылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны