08.08.2006, 14:13 2871

Петропавловскіде қару мен есірткі заттарын сақтаған қылмыскер ұсталды

ПЕТРОПАВЛОВСК. 8-тамыз. Kazakhstan Today. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен ҚР ҰҚКД-нің қызметкерлері

қару мен есірткі заттарын сақтағаны үшін бұрын сотталған Петропавловск тұрғынын ұстады. Ол көп уақыттан бері қылмыс әлемінің серкесі ретінде шұғыл есепте тұрған. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Ер адам өз үйінің ауласында ұсталды. Тексеру кезінде оның киімінен 2 грамм героин табылды,- деп хабарлайды баспасөз қызметі. - Тұтқынның тұрғылықты жерін тексерген кезде құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері қолдан жасалған тапанша мен Ф-1 оқу гранатасын тапты".

Тапанша сараптамаға жолданды. Оның нәтижесіне қарай қарудың атысқа жарамдылығы анықталады.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің мәліметіне сәйкес, тұтқын тек Солтүстік Қазақстан облысында ғана емес, сонымен бірге, көршілес Ақмола және Павлодар облыстарындағы қылмыстық ахуалға әсер еткен. Оның Қорған, Омбы, Тюмень, Екатеринбург сынды Ресей қалаларында ауқымды қылмыстық байланыстары болған.

Қазір күдікті уақытша тергеу абақтысында отыр. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны