10.01.2012, 12:18 3496

Петрпавлда отбасылық ұрыс кезінде күйеуі әйеліне керосин шашып, жағып жіберген

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Петропавлда отбасылық ұрыс 41 жасар қала азаматшасының күйік шалған жарақаттарымен ауруханаға түсуімен аяқталған. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Петропавл. 10-қаңтар. Kazakhstan Today - Петрпавлда отбасылық ұрыс кезінде күйеуі әйеліне керосин шашып, жағып жіберген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Петропавлда отбасылық ұрыс 41 жасар қала азаматшасының күйік шалған жарақаттарымен ауруханаға түсуімен аяқталған. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық полиция мәліметтеріне сәйкес, "Зайсан" ауданында жұбайымен ұрысып қалған отағасы мас күйінде оның үстіне керосин шашып, жағып жіберген. От жалмаған әйел өздігінен далаға қашып шығып, үстіндегі жанған киімін шешіп үлгерген. Бетін, денесін, білегі мен екі қолын 2-3 дәрежелі күйік шалды деген диагнозбен әйел адам ауруханаға жатқызылды.

Қылмыс орнына келіп жеткен полицейлер ол жерден ер азаматты қолға түсірді, қазіргі кезде ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Адам өміріне қауіп төндіру оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны