28.01.2016, 21:07 5041

Пойыз бен газ тасушы жүк көлігініӊ соқтығысуынан жүргізуші қаза тапты - Маӊғыстау облысы

Маӊғыстау облысында Сай-Өтес-Бейнеу темір жолыныӊ 269 шақырымындағы №6 разъезде №377 "Маӊғышлақ-Алматы" жолаушылар пойызы мен газ тасушы жүк көлігі соқтығысты

Астана. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысында Сай-Өтес-Бейнеу темір жолыныӊ 269 шақырымындағы №6 разъезде №377 "Маӊғышлақ-Алматы" жолаушылар пойызы мен газ тасушы жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жол апатынан жүк көлігініӊ жүргізушісі қаза тауып, тепловоз машинисініӊ көмекшісі жарақаттанды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Ресми өкіл таратқан ақпаратқа сүйенсек, жолаушылар пойыз құрамы жолдан шыққан жоқ. Темір жол қатты зақымданғанбаған. Апат орнына облыстық ТЖД-ініӊ өрт сөндіру қызметі жұмылдырылды.

Сондай-ақ, оқиға орнында газ тасушы жүк көлігін салқындату мақсатында "Қарақұдық-Мұнайдыӊ" екі өрт сөндіру автоцистернасы мен "Кенесары" ЖШС-ніӊ екі өрт сөндіру автоцистернасы жұмыс жасап жатыр.

Оқиға орнына өрт сөндіру және қалпына келтіру пойызы келді. Пойыздардыӊ қозғалысын қалпына келтіру мақсатында темір жол желісінен газ тасушы жүк көлігін алып тастау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Апат орнына ТЖД жедел қызметі келіп жетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны