29.12.2015, 15:44 5388

Пойыз қозғалысы қалыпты кестеге түседі

Ауа райыныӊ күрт бұзылуы көлік қатынасына қиындық келтіруде. Боран салдарынан барлық бағыттардағы автожолдар жабылып, әуе рейстері тоқтатылды. Жолаушылар тасымалдаудағы негізгі салмақ теміржолшыларға түсіп отыр

Астана. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ауа райыныӊ күрт бұзылуы көлік қатынасына қиындық келтіруде. Боран салдарынан барлық бағыттардағы автожолдар жабылып, әуе рейстері тоқтатылды. Жолаушылар тасымалдаудағы негізгі салмақ теміржолшыларға түсіп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Желтоқсанныӊ 29-ында таӊғы 5 сағат 30 минутта секундына 25 метрлік боран салдарынан Қарағанды жол бөлімшесініӊ Вишневка- Анар қума жолында №1076 жүк контейнерлік пойызыныӊ бір бос контейнері аударылып қалды.

Соныӊ салдарынан электр желісініӊ тірегі зақымданып, телімге ток жүрмеді. №86 Астана-Сарыағаш, №674 Павлодар- Қарағанды, №328 Қостанай- Қарағанды, №318 Барановичи-Қарағанды, №854 Астана-Қарағанды, №4 Астана-Алматы-2, №84 Мәскеу- Қарағанды, №55 Қызылорда- Көкшетау, №701 Алматы-2- Петропавл, №853 Қарағанды-Астана бағытындағы жолаушылар пойыздары кестеден кешікті.

Шұғыл шаралар нәтижесінде 9-сағат 15 минутта пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді.

Барлық кестеден кешіккен пойыздар тәулік ішінде кестеге енгізіледі.

Оныӊ сыртында автокөлікпен шыға алмаған жолаушылардыӊ сұранысын қанағаттандырып, Қарағанды облысы әкімдігініӊ өтінішімен №86 Астана-Сарыағаш, №606 Қарағанды- Балқаш, №156 Қарағанды -Жазқазған бағдарларындағы пойыздарға қосымша вагондар тіркелді.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны