06.03.2012, 14:13 3117

Польшада 16 адамның өмірін қиған екі пойыздың соқтығысуына диспетчер кінәлі деп танылды

Прокурордың мәлімдеуінше, апатқа пойыздардың біреуін бұрыс жолға салған жол бұрушының қателігі себеп болған, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Астана. 6-наурыз. Kazakhstan Today - Польшада 16 адамның өмірін қиған екі пойыздың соқтығысуына диспетчер кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Прокурордың мәлімдеуінше, апатқа пойыздардың біреуін бұрыс жолға салған жол бұрушының қателігі себеп болған, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Аты-жөні жарияланбаған диспетчерге "көлік апатына себеп болған қасақана емес әрекет еткен" деген айып тағылады. Осы айып үшін ол 8 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, айыпталушы диспетчер пойыздардың соқтығысуынан кейін есінен айырылып, жергілікті ауруханалардың біріне жеткізілген. Қазір онымен психологтар жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны