05.03.2012, 14:17 3451

Польшаның оңтүстігінде екі жолаушы пойыз соғысып, 16 адам қаза тапты

Апат Варшава мен Краковты байланыстыратын темір жолда, Варшавадан 200 шақырымдағы Щекочины елді мекенінің маңында болған. Польшаның үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, Варшава-Краков пен Пшемысль-Варшава жүйрік пойыздары соқтығысқан.

Астана. 5-наурыз. Kazakhstan Today - Польшаның оңтүстігінде екі жолаушы пойыз соғысып, 16 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Польшаның оңтүстігінде қарама-қарсы бағытта келе жатқан екі жолаушы пойыз соғысып қалды. Темір жол апатынан 16 адам қаза тауып, 50-ге жуық жолаушы жараланған, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Апат Варшава мен Краковты байланыстыратын темір жолда, Варшавадан 200 шақырымдағы Щекочины елді мекенінің маңында болған. Польшаның үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, Варшава-Краков пен Пшемысль-Варшава жүйрік пойыздары соқтығысқан.

Екі пойыз ішінде 350-ге жуық жолаушы болғаны белгілі. Белгісіз бір себеппен Варшавадан Краковқа келе жатқан пойыз өзге шойын жолға шығып кеткен екен. Апат болған кезде Щекочина маңындағы шойын жолдардың бірінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Апат орнына дереу жеткен құтқарушылар жарақаттанғандарды тікұшақтармен Варшава мен Вроцлав қалаларының ауруханаларына жеткізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны