17.05.2012, 14:10 3059

Попокатепетль жанартауының белсенділігі күшейді

АҚШ ғалымдары Мексикадағы Попокатепетль жанартауы қайта күл атқылағанын тіркеді. Илемдегі ең белсенді жанартаулардың бірі саналатын Попокатепетль сәуір айында оянған еді.

Астана. 17-мамыр. Kazakhstan Today Попокатепетль жанартауының белсенділігі күшейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

АҚШ ғалымдары Мексикадағы Попокатепетль жанартауы қайта күл атқылағанын тіркеді. Илемдегі ең белсенді жанартаулардың бірі саналатын Попокатепетль сәуір айында оянған еді.

Сол кезде Мексика үкіметі Мехико, Пуэбла, Тласкала және Морелос штаттарында дабыл қаққан болатын. Соңғы бірнеше сағатта жанартаудың белсенділігі артқандықтан, азаматтық қорғаныс бөлімшелері қажет болған жағдайда тұрғындарды көшіруге дайындалуда.

Попокатепетль жанартауы Мехико, Пуэбло және Морелос штаттарының қиылысқан жерінде орналасқан. Жанартауға жақын аймақта 20 милионнан аса адам тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны