30.04.2013, 13:42 14773

Прагадағы жарылыс кезінде қазақстандық екі азаматша жарақат алды

29 сәуір күні Прага орталығында күшті жарылыс болып, салдарынан ғимарат құлады. Зардап шегушілердің арасында Қазақстанның екі азаматшасы бар, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Астана. 30-сәуір. Kazakhstan Today - Прагадағы жарылыс кезінде қазақстандық екі азаматша жарақат алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

29 сәуір күні Прага орталығында күшті жарылыс болып, салдарынан ғимарат құлады. Зардап шегушілердің арасында Қазақстанның екі азаматшасы бар, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

"ҚР Прагадағы Елшілігінің мәліметтері бойынша, жарылыс кезінде көршілес ғимаратта болған екі Қазақстан азаматшасы терезе сынықтарынан жеңіл жарақат алған. Оларға Прага әскери ауруханасында медициналық көмек көрсетіліп, қазіргі таңда олар үйлеріне қайтарылған", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 29 сәуір күні Прага орталығында күшті жарылыс болды. Өрт сөндіру қызметкерлерінің айтуынша, 55-тен аса адам түрлі жарақат алған. Изірге үйінділер астында 3 адам қалып отыр, олардың жағдайы белгісіз. Полицияның алдын-ала мәліметтерінің біріне сәйкес, жарылыс газ кемуі салдарынан болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны