25.08.2011, 10:15 2959

"Прогресс М-12М" ғарыш кемесінің сынықтары Алтай Республикасының аумағына түскен

Кеменің құлаған орны - Ресей Федерациясы Алтай Республикасы Чой ауданы (Қазақстан Республикасы шекарасынан 300 км жерде).

Астана. 25-тамыз. Kazakhstan Today - "Прогресс М-12М" ғарыш кемесінің сынықтары Алтай Республикасының аумағына түскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 24 күні сағат 19.08-де "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылған жүк ғарыш кемесі құлаған. БҰл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлаған.

Кеменің құлаған орны - Ресей Федерациясы Алтай Республикасы Чой ауданы (Қазақстан Республикасы шекарасынан 300 км жерде).

Естеріңізге сала кетсек, "Байқоңыр" ғарыш айлағынан 24 тамызда Астана уақыты бойынша 19.00 сағатта № 132 "Союз-У" зымыран-тасығышы бар № 412 "Прогресс М-12М" жүк ғарыш кемесі ұшырылды. Жүк кемесінің бортына тамақ, оттегі мен отынды қосқанда Халықаралық ғарыш стансасына арналған үш тоннаға тарта пайдалы жүк салынған болатын.

"Прогресс М-12М"-нің құлауы - Ресей ғарыш саласындағы төртінші ірі апат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны